Сэнфорд институтының зерттеуінің қорытындысына сәйкес, интернетті қолданушылардың 90% электронды пошталарын қолданады екен. Одан кейінгі ғаламтордағы уақытының көбін жалпы ақпарат іздеумен, кітап оқумен өткізеді екен. Ал ғаламторда ойын ойнауды сауалнамаға қатысушылардың 36% қалайды екен. Бір қызығы, сұралғандардың 24% ғана чатқа кіреді екен.Ал ғаламтордың мүмкіндіктерін пайдаланушылардың көбі 6-8 ғана функциясын пайдаланады.
Сонымен қатар зерттеудің нәтижесіне сәйкес ғаламторды пайдаланушылар неғұрлым интернетте көп отырған сайын соғұрлым әлеуметтік ортасынан алыстап, көп уақытын жұмыс орнында немесе үйінде өткізеді екен. Олар өзгелермен салыстырмалы түрде дүкендерге бір нәрсе сатып алуға немесе көлікпен бір жерге баруға аз уақыт жұмсайды. Сонымен бұл өзге елдегі тек бір ғана инситуттың сауалнама арқылы жүргізген зерттеуі ғана.
Ал сіз интернетте қанша уақыт өткізіп, сол уақыт аралығында ғаламтордың неше функциясын қолданып отырмын деген сұраққа жауап іздеп көрдіңіз бе?
Бұл зерттеу турасында толық ақпаратты келесі сілтемеден ала аласыздар.
