понедельник, 30 июля 2007 г.

Ғаламторда қанша іс бітіресіз?

Сэнфорд институтының зерттеуінің қорытындысына сәйкес, интернетті қолданушылардың 90% электронды пошталарын қолданады екен. Одан кейінгі ғаламтордағы уақытының көбін жалпы ақпарат іздеумен, кітап оқумен өткізеді екен. Ал ғаламторда ойын ойнауды сауалнамаға қатысушылардың 36% қалайды екен. Бір қызығы, сұралғандардың 24% ғана чатқа кіреді екен.
Ал ғаламтордың мүмкіндіктерін пайдаланушылардың көбі 6-8 ғана функциясын пайдаланады.
Сонымен қатар зерттеудің нәтижесіне сәйкес ғаламторды пайдаланушылар неғұрлым интернетте көп отырған сайын соғұрлым әлеуметтік ортасынан алыстап, көп уақытын жұмыс орнында немесе үйінде өткізеді екен. Олар өзгелермен салыстырмалы түрде дүкендерге бір нәрсе сатып алуға немесе көлікпен бір жерге баруға аз уақыт жұмсайды. Сонымен бұл өзге елдегі тек бір ғана инситуттың сауалнама арқылы жүргізген зерттеуі ғана.

Ал сіз интернетте қанша уақыт өткізіп, сол уақыт аралығында ғаламтордың неше функциясын қолданып отырмын деген сұраққа жауап іздеп көрдіңіз бе?


Бұл зерттеу турасында толық ақпаратты келесі сілтемеден ала аласыздар.

5 комментариев:

Асхат Еркімбай комментирует...

Интернетті байдаланушылар көп уақытын үйінде немесе жұмыс орнында өткізетіні заңдылық :) Ал блог жүргізетіндер интернетті күніне бір мәрте тексеріп тұрмаса, тыным таппайтын ауруға душар болатын тәрізді.
Чат, э пошта, ақпарат іздеу, ақпарат алу, орнату, блог жүргізу, скайп негізгі атқаратын функциялар осылар. Хат алмасу бірінші орында.

Unknown комментирует...

men qazirtek jumsytan kiremin inetke
e-mail,aqparat izdeu,gmail chat,odan qalsa skype:)

Әділ комментирует...

Мен де сендер іспеттес интернетке жұмыс орнымнан кіремін. Чатка онша құштар емеспін дегенмен интернетке бір кіргенде 2 поштамды, блогымды, facebook-тегі тобымды және соңғы жаңалықтарды міндетті түрде қараймын.

Alma комментирует...

Мен ен алдымен озиме келген хаттарды тексеремин. Жузбе-жуз сойлескеннин орны болек, ал хаттын жони бир баска:))
Ал сонгы уакытта Скайп деген ауруга душар бола бастадык...

1004.Janka. комментирует...

Men internetti koldanganda poshtalarimdi karaimin,kalgani kajettilikke ne konil-kyime bailanisty.Jalpy bizdin elde internetti kopshilik kaym koldanadi ma?Internetti ne ekenin bilmeitin de adamdar bar.Singapur oz elin computermen,tegin internetpen kamtamassyz etip otyr,ekinshi orinda Korea.