воскресенье, 19 августа 2007 г.

Демалу мәдениетін қалай қалыптастырамыз?

Менің қызығушылықтарымның бірі тауға шығу. Негізінен Алматының маңындағы табиғаты шұрайлы, аты әйгілі жерлердің барлығына дерлік бардым. Бірақ тауға барған сайын мені бір нәрсе әрі мазалап, әрі намысыма тиеді. Өткен жексенбі Шымбұлақтың шыңына барып қайттым. Таңертенгі сағат 9.00-дан бастап Медеуге баратын аялдамада 1 сағатқа жуық тұрдым. Сонда ертесімен қоржын асынып демалысқа бет алғандардың дені орыс, кәріс және елімізді мекендеген өзге ұл өкілдері, одан қалса қаламызға үш күндік болса да жұмыс сапарымен келген шетелдіктер екендігін байқауға болады. Ендігі менің бақылағаным – бұрын өзіммен тауға шығып жүрген жолдастарды кездестіремін бе жоқ па. Өкініштісі олар да жоқ болып шықты.
Сұрақ: неге қазақтар, оның ішінде қазақ жастары қолында тұрған алтынның қадірін білмей, Алматыда 10 жыл тұрса да Шымбұлаққа, Үлкен Алматы көліне, Тұйық су мұздықтары сынды керемет жерлерге бармайды?
Бұл мәселені шешу мақсатында мен бұрын өзім баратын жерлерге жолдастарымды жиі шақыратын болдым. Әрбір сапарымыздан кейін сол жолдастарым таң-тамаша болып, өздерін алып шыққанына маған ризашылықтарын білдіретін. Содан енді келесі апталарда олар да сондай жерлерге өзге жолдастары мен туғандарын апарады ма деген үмітім осы күнде үзіліп барады.
Осы құбылыстың себептеріне үңіле отырып мынадай қорытындыға келдім:
Жоғарыдағы сұрағыма жауап:
Қазақ жастарында табиғатқа шығу мәдениеті қалыптаспаған. Ауылдарында «маевка», «пикник» ұйымдастырып жүрген жастар қалада ресторан, кафе, биллиярд залдары сынды орындарға жаппай бет бұрады.
Керемет жерлердің бар екендігін білмейді, білсе де баруға ниет білдірмейді.
Сенбі, жексенбі күндеріне тойға бару, ұйқыны қандыру, үй жинау сынды бітпейтін жұмыстарын жоспарлап қояды.
Астында көлік, қалтасында таксиге ақша болмаса, кезінде мал бағып жүріп талай км-ді жаяу жүргендерін ұмытып, жанын қинап жаяу жүргісі келмейді.
Жалғыз барғысы келмейді, барам деп өзгелерді не ұйымдастыра алмайды, не достары ондайға қызықпайды. Сондықтан бастамасы үнемі аяқсыз қала береді.
Әрине жақсы демалыс орындарына жету, ол жерде тамақтану бағалары едәуір қымбат.
Осы күнгі күйбелең жұмыс, мақсатына жету жолындағы қарбалас жастардың ой-санасын жаулап алған. Бұл көбінде уақытын тиімді пайдаланбаудан, әрі денсаулығына селқос қарағаннан шығады. Көбіне-көп бір уақыт болса да таза ауада демалу керектігін ұмытып кетеді.

Міне осы себептерден жастар көп нәрседен құр қалып отыр. Осы мәселеден шығар жолды қалай табар едіңіздер?

11 комментариев:

Асхат Еркімбай комментирует...

Сәлем, Әділ!
Жақсы мәселе көтеріп отырсың. Қазақстанның көптеген қалаларында болсам да демалуға барынша жағдайлар жасалған Алматыдай жерді табу қиын.
Мүмкін сол тауға демалу үшін не істеу керек? Қай аялдамадан, сағат нешеде отыру керек, қала сыртындағы қай жерге, жылдың қай мезгілінде баруға болады т.с.с. мәліметтерді, суретімен орнатып тұрсаң, қазақ блогшылары тарапынан да қызығушылық туар ма еді деп ойлаймын.

Берік комментирует...

Өйткені салауатты демалыс мәдениетін насихаттау аз. Бірақ бұрынғыға қарағанда альпинизм, рафтинг сияқты табиғат аясында айналысар спорт түрлерімен шұғылданып жүрген қаракөздер күннен күнге көбейіп келе жатқаны көңілге уаныш ұялатады.

Unknown комментирует...

-.-

technosyndrom комментирует...

Мына жоғарыдағы mueja деген қаңғы португалдықты танитындарың бар ма?

Pepe комментирует...

Cәлем, Әділ!
Қазір шетелдегі бір қалада жүрмін. Осында бар бау-бақшаның бәріне болмаса да, бірталайына барып үлгердім. Талай табиғат бұрыштарын тамашаладым. Мұнда Алматыдағыдай таулар болмаса да, осы жерге тән сұлулықты ұғуға тырысып бақтым. Алматыда тұрғаныма талай жыл болса да, шынымен көп жерін білмейтінімді ұқтым. Тоқтаған қаламды үш айдың ішінде едәуір аралап қалған сияқтымын, ал сұлу Алматының қанша жерін білмеймін әлі... Есесіне амандық болса, оралған соң, міндетті түрде жақсылап аралағым келеді. Көлсай болсын, Үлкен Алматы, Түрген, Шарын, Алма-Арасан болсын... Айтқаныңда шындық бар, оқумен, күнделікті шаруалармен жүріп, айналаға көңіл бөлуден қаласың... Кейде жай ғана күн көзінің өзі жанға жылу сыйлайды. Әзірге шеттемін. Маған табиғатта түскен суреттеріңді жіберсең, Алматыға сәл де болса жақындағандай болар ем. Алматыда жүргенде көп суретке түсе бермеген соң (әсіресе, табиғатта), қазір қарайтын да жұрнақтары жоқ. Осы...

Pepe комментирует...

Ал қалай қалыптастыру жағына келсек, әрбір табиғат аясына жасаған сапардан соң, суреттерді жариялап отыру керек сияқты. Жақында қазақстандық емес танысымның біздің елге жасаған саяхатының суреттерін қарап шықтым. Олардың өзі адамға әсер береді екен, қызықтырады.
Былтыр бір құрбым Көлсай көлдеріне турфирма арқылы саяхаттап келгенде айтты: "Демалушылардың көбісі шетелдіктер", - деп, себебі біз оған мән бермейміз. Кімнің сөзі екенін білмеймін (шатаспасам Әуезовтікі), бірақ "Таудың қаншалықты биік екенін ұғыну үшін, одан алыстап барып көз тастау керек", - деген. Мен де сол сияқты алыста аңсап жүрмін тауларды.
Ал мен суреттерді, шынымен, күтемін. Рахмет!!!

1004.Janka. комментирует...

Salem,Adil!
Tyik sy myzdyktarina kalai baryga boladi?Byrin-sondi estimegen jer.Barip kory kerek.Almatynin ainalasinda "Kaiyndy" degen tamasha jer bar dep estidim.Bimeisin ba?Ogan kalai baryga boladi eken?Jaksi oi tydirip otyrsin,keler jazda mindetti tyrde barip kaitamin.

Unknown комментирует...

Қайынды Алматыға қатты жақын деп айтпас едім, Көлсайға апаратын 2 күндік турлар бар, Қайыңды соның іщіне кіреді.
меніңше Қайынды көлі Көлсай көлдерінің тобына кіру керек. Шынымен керемет жер, былтыр құрбылаоым барып келген, ол жерге көлік бармайды, бірінші Көлсайға барып сосын ары қарай атпен, не жаяу ғана барады тау асып, көлік жетпегесін әлі де таза кейіпте, біздің халықта демалғасын артын жинау мәдениет жоқ өкінішке орай. Тұйықсуды дегенді мен өзім естімеппін.
Бутаковка жақта кішірек сарқырама бар екен, колесо.кзтен қарап едім жолын ұқпадым, сол жерге барғым кеп жүр,9 кмдей жаяу жүру керек екен.

Асхат Еркімбай комментирует...

Сәлем, Әділ!
Достарымызбен тау жаққа шығып қайтсақ деп едік. Қандай кеңес бересің?

Асхат Еркімбай комментирует...

Техносиндром, ол партугалдық өз блогына есік қаласындағы бір блогшымызға сілтеме де жасап қойыпты. Өзі суреттерді жақсы көретін балаға ұқсайды. Қаласаң, оған жеке хат жазып, мәлімет жинастырып берейін. Нақты не білгің келеді?

Анонимно комментирует...

Тегін қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар http://free.ucoz.kz/