Соңғы кездегі "Қазақстан" мен "Хабар" телеарналарындағы партия басшыларының пікірсайыстарын көре отырып, әлі де болса үйренеріміз көп деген ойға келдім.
Халық, менің ойымша, үміткерлерден нақты іс жоспарларын, өзгелерден артықшылықтарын нақты мысалдар арқылы сыпайы, сауатты түрде көрсетуін күтіп, арада шынайы пікірсайыстың болғандығын қалады. Дегенмен, көп жағдайда оған регламент пен екі тілдік бөгет болған секілді. Ал "31 телеарнадағы" пікірсайыстарға келер болсақ, үміткерлердің көп жағдайда жеке басқа қол сұғып, "кезінде билік басында болғанда неге істемедің?" дегенге жиі кетіп қалатын сияқты. Осы жерде "ол кездегі Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері мен қазіргілерін салыстыруға келмейді емес пе?" деген жауап қылтиып шыға келеді. Қалай десек те, кейбір ел тұтқасын ұстауды аңсаған аға-апаларымыз халық алдында тұрғандығын ұмытып кететін сынды.
Қол бастағанға қарағанда көп алдында сөз бастаудың анағұрлым қиын екендігін әуел бастан мойындаған халық даналығына тағы бір бас ұрасың. Көзбен көрі, құлақпен естігеннен тәлім алайық.
6 комментариев:
-.-
Бул сайлау пикирсайыстары типти соракылыктын кокесин корсетип битти гой. Оларды эфирге шыгарар алдында пикирсайыс бойынша тегин кайырымдылык тренингин откизу керек еди..
Негізі пікірсайысты ұйымдастырғандар да, қатысқандар да одан азды-көпті хабарлары бар жігіттер. Тіпті, барлығының ұйымдастырушыларының қатарында бұрын пікірсайыспен белсенді айналысқан азаматтар бар. Бірақ көп жағдайда САЯСИ пікірсайыстардың өту барысы "жүгендеулі" болады.
Сіздер Пікірсайыстан шынымен де дұрыс пікір тостыңыздар ма? Әділ дұрыс айтады біздегі оппозицияны "жүгендеп" отыр емес пе? Көз алдау. Дабыра арқылы халықтың пікірін өзіне қарату тактикасы болды деп ойлаймын. Екіншіден, олар бүгінгі халықтың деңгейі осы деп сол деңгейде пікірсайыс өткізуге тырысқан болар.
Хабардагы пикир сайысты коре алмадым
31 арнадағы "пікірсайыс" комедия болды ғой енді. Не болса да Әбілов пен Жандосов балалығын көрсетіп қалды, шынын айтқанда мына қылықтарынан кейін оларға мен сенгім келмейді, қызба екен. Әлгі халыққа тегін ақша үлестіру жөніндегісі тіпті утопистік сандырақ енді. Бұлардың арасында естиярлау Тұяқбай қалай жүргенін білмеймін енді. Нұр-Отанға табақпен тартылған ет сияқты көрінді маған ЖДСП өкілдері. Тіпті тап сол күні осы дебатқа пародия әңгіме жазып тастадым.
Отправить комментарий